Шымкенттік қос ағайынды шетелдіктерді ұрлап, құлға айналдырды деген күдікке ілінді

2633
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік екі ағайынды шетелдіктерді ұрлап, құлдыққа жұмсады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі жазды. 

«Тәртіп сақшылары кірпіш зауытының үш иесін, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Олардың екеуі ағайынды. Тінту кезінде жедел қызметкерлер екі зауыттың аумағынан 60-тан астам шетелдікті тапты, олардың барлығы Өзбекстан азаматтары», - делінген хабарламада.

14 қазанда Алматы полициясына Ақтөбе облысының тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Әйел Өзбекстан азаматы әрі өзінің ағасы Шымкенттегі еңбек құлдығынан қашып, Алматыға келгенін айтты. Бұған дейін полицейлер күдіктілерге қатысты шетелдіктерден үш мәлімдеме алған.

Полицейлер зауытқа жұмысқа шетелдіктердің шақырылғанын анықтады. Содан құжаттарын алып, жалақыларын бермей, мезгіл-мезгіл физикалық күш көрсетіп, таяқ жейсің деп қорқытқан.

Күдіктілер қамауда отыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы: 126 «Еңбекті қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру» және 389 «Озбырлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

25 шетелдік жұмысшы қазір «Сана сезім» үкіметтік емес ұйымының қарауында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының жоқтығынан қабылдау бөліміне орналастырылған.

Пікірлер