"SBR нөмірімен". Шымкент әкімдігі ағайынды Сабырхандарға көлік пен пәтер сыйлады

807
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FLRzrdJGpo1sQImuDkmcBei2Qxtwo8IaP8sGpOY3.jpg

Ливерпульде өткен бокстан әлем чемпионатында топ жарған ағайынды Сабырхандарға Шымкент әкімдігі көлік сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен кездесуде Махмұд пен Төрехан Сабырхан, чемпиондардың әкесіне үш көлік пен пәтердің кілті табыс етілді.

Махмұд Сабырхан бұл чемпионатта екінші рет әлем чемпионы атанса, 19 жастағы Төрехан Сабырхан алғаш рет әлемдік доданың шыңына шығып, Қазақстан тарихына есімін жазды.

Әкімдік сонымен қатар өзге де спортшылардың жетістіктерін атап өтті. Бангкокта өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Санжар-Әли Бегалиев алтын медаль еншілесе, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев пен қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбеков ел мерейін асырды.

Айта кетейік, Ливерпульде Қазақстан құрамасы жеті алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте бірінші орынға шыққан болатын. Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлем чемпиондарына 100 мың доллар сыйақы берілетіні хабарланған еді.

Пікірлер