Қазақстанда электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге тағы да өзгерістер енгізілуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:
- бірінші топ (Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 5,90 теңгеден 7,32 теңгеге дейін;
- үшінші топ (Екібастұз ГРЭС-2 станциясы) – кВт/сағ үшін 8,59 теңгеден 11,20 теңгеге дейін;
- алтыншы топ (Қарағанды энергетикалық орталығы) – кВт/сағ үшін 9,86 теңгеден 12,64 теңгеге дейін;
- тоғызыншы топ («Астана-Энергия» АҚ) – кВт/сағ үшін 7,19 теңгеден 8,49 теңгеге дейін;
- 14-топ (Риддер ЖЭО) – кВт/сағ үшін 13,93 теңгеден 16,37 теңгеге дейін;
- 18-топ Степногор ЖЭО) – кВт/сағ үшін 12,12-ден 16,46 теңгеге дейін;
- 26-топ («Алматы электр станциялары» ЖЭО-1,2,3 Қапшағай ГЭС, Каскад ГЭС) кВт/сағ 11,19-дан 14,02-ге дейін;
- 33-топ (Шүлбі СЭС-і) – кВт/сағ үшін 3,30-дан 3,67 теңгеге дейін;
- 41-топ (Таразэнергоорталық) – кВт/сағ 8,53-тен 12,15 теңгеге дейін.
Еліміздің өңірлеріндегі энергия өндіруші компаниялардың 50 тобында баға айтарлықтай өсті. Бұл ретте тарифтер тек 16 топта ғана өзгеріссіз қалады. Ұсынылған тарифтер де 2024 және 2025 жылдарға есептелген.
Министрлік тарифті түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың, атап айтқанда, отынға, еңбекақыға және шикізатқа шығындардың өсуіне байланысты деп түсіндірді.
Орташа алғанда отын құрамдас бөлігінің, атап айтқанда тауарлық газдың құнының өсуі екі топ бойынша сәйкесінше 17,4% және 20,6% құрады.
Бұйрық 1 қарашада күшіне енеді деп күтілуде, бірақ тарифтер 2023 жылдың 1 қазанынан бастап өзгереді.
Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық регламен» сайтында орналастырылған. Мұнда басқа энергия өндіруші компаниялардың тарифтерінің қалай өзгеретінін көруге болады.
«Адырна» ұлттық порталы