Израиль армиясы Газа тұрғындарын үйлерінен кетуге шақырды - БАҚ

3149
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izrail.jpg
Израиль армиясы Газа шекарасына жақын жерде тұратын барлық азаматтарды эвакуациялау операциясын бастамақ, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ntv.ru басылымына сілтеме жасап. Израиль қорғаныс армиясы Газа секторының тұрғындарын Палестина-Израиль қақтығысының күшеюі салдарынан үйлерден кетуге шақырды. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясының өкілі Авичай Адраи тиісті мәлімдеме жасады. «Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін сіз дереу тұрғылықты жеріңізді тастап, кетуіңіз керек", - деді Times of Israel газетіне. Сенбі күні таңертең Израиль Газа секторынан бұрын-соңды болмаған зымыран шабуылына ұшырады. Израиль армиясының баспасөз қызметі 3 мыңнан астам зымыран ұшырылғанын айтады. Сонымен қатар, ондаған ХАМАС жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралас аймақтарға кіргені туралы жазған едік. Израильдің солтүстік аудандарынан оқ атқаны үшін жауапкершілікті Хезболла ұйымы өз мойнына алды. 7 қазанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израиль мен ХАМАС арасында кең ауқымды соғыс басталғанын жариялады. Jerusalem Post газеті Палестина-Израиль қақтығысының өршуі кезінде Израильде қаза тапқандар саны 300-ден асып, 1,5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан қаза тапқандар саны 232-ге дейін өссе, 1,7 мыңға жуық адам зардап шеккен.
Пікірлер