Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиев енді елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері болмайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап.
«Бұдан былай елімізде заңдағы ұрылар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары болмайды. Егер кімде-кім ұрлық жасаса, оны қатаң жазалаймыз. Иә, бір криминалдың орнына басқасы келген жылдар есімізде. Енді бұған жол жоқ»,—деді ол.Сондай-ақ ҰҚК басшысы президент командасының елде тәртіп пен заңдылық орнатуға саяси ерік-жігері бар екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстан су беруді тоқтатты. Бізді суға байланысты көрші елдермен алда қиын келіссөздер күтіп тұр.
«Ресейді тыйым салынған технологиямен қамтамасыз етеді». АҚШ қырғыз компанияларына қарсы санкция салуы мүмкін
