Қырғызстанда 20 жасқа толмаған қыздарға күйеусіз немесе ата-анасыз елден шығуға тыйым салу ұсынылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қырғызстан парламентінің депутаты Шайлообек Атазов 18-20 жастағы қыздардың шетелге тек ата-анасының еріп жүруімен немесе тұрмысқа шыққаннан кейін баруын ұсынды.
«Көші-қон проблемалары өте өткір болып тұр. 18-20 жастағы қыздардың ата-анасымен шетелге кетуіне көз жеткізуіміз керек. Тағы бір ұсыныс бар: қыздар тұрмысқа шыққан соң кетсін. Көші-қонға жауапты басқармалар болсын. Олар комитетке ақпарат береді», - деді ол.
Мұндай ұсыныс Қырғызстан халқының наразылығын тудырды. Халық жастардың кету мәселесін тыйымдар мен ақымақ заңдармен емес, өмірді нақты жақсартумен шешуді талап етті.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
“Қазақстанға қашпақ болған”: Қырғыстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін өлімші етіп соққыға жыққан екі күдікті ұсталды