«Қатаң жазаланады»: Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жасады

4355
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/img_4291.jpeg
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиев енді елде ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері болмайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап.
«Бұдан былай елімізде заңдағы ұрылар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшылары болмайды. Егер кімде-кім ұрлық жасаса, оны қатаң жазалаймыз. Иә, бір криминалдың орнына басқасы келген жылдар есімізде. Енді бұған жол жоқ»,—деді ол.
Сондай-ақ ҰҚК басшысы президент командасының елде тәртіп пен заңдылық орнатуға саяси ерік-жігері бар екенін айтты.
Комментарии
Другие материалы