Алматыда қоқыс тастау ережесін бұзғандарға айыппұл салынбақ

992
Adyrna.kz Telegram
фото: Әмір Қасенов
фото: Әмір Қасенов

Алматыда 16 қыркүйектен бастап қоқыстарды дұрыс емес жерге тастағаны үшін айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматыда абаттандыру саласындағы бұзушылықтармен күресу шаралары күшейтіледі. Көлемді қоқыс пен көше қоқыстарын қалдырғаны үшін айыппұл салынады», - деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Тәртіп бұзушыларды анықтау үшін табиғатты қорғау басқармасы полиция бөлімімен бірлесіп тұрақты рейдтер ұйымдастырып, қоқыс жиі жиналатын орындарға бақылау камералары орнатылады. Сонымен қатар, қаланың жобалық кодексіне сәйкес жаңа, сыйымдылығы жоғары қоқыс жәшіктерін орнату және тазалық патрульдерін көбейту жоспарда бар.

Ведомствода атап өткендей, қыркүйек айының басынан бері қалада қосымша тазалау техникасын қажет ететін 52 учаске анықталды.

Пікірлер