АНАСЫ МӘЙІТТІҢ КИІМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚЫЗЫНЫКІ ЕКЕНІН БОЛЖАДЫ

1639
Adyrna.kz Telegram

Елдің есін шығарған сұмдық жайдың жай-жапсары біртіндеп белгілі бола бастағандай.  Қаратау қаласында  азғын айтуға ауыз бармайтын айуандық әрекетпен ойын баласын өртеп жіберуі мүмкін. Түгі қалмай түгел өртенген мәйітке тәртіп сақшыларымен  сараптама тағайындалды. Табылған мәйітті туыс-тамырлары күні кеше іс-түссіз жоғалған сегіз жастағы Аруай есімді қыз баласы деп топшылайды.  Жаға ұстатқан жағдай Қаратау қаласының шеткі бөлігінде болған. Бір күн бұрын осы қалада Д. Қонаев атындағы мектептің екінші сынып оқушысы жоғалғанын айтып анасы арызданған екен. Би үйірмесінен шыққан балақай сол күйі үйіне оралмаған. Құрамында тәртіп сақшылары, төтеншеліктер, ұстаздар және еріктілер бар жетпіске жуық адам шағын шаһарды түгел тінтіп бүгін қала маңынан өртенген мәйітті тапқан. Алайда отқа оранған дененің кімдікі екені әлі анықталмады. Дегенмен анасы күйіктен қалған көйлек қызыныкі екенін растапты. Қызыл жалыннан дененің сау тамтығы қалмағаны соншалық, арнайы сот сараптамасы болмай марқұмның кім екенін аңғару қиын. Жамбылдық журналистерді жиып брифинг өткізген өңірдің бас полицейі бұл іс тікелей Ішкі істер министрі мен Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың қатаң қадағалауында екенін айтып өтті.

Арман ОРАЗАЛИЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Анықталғандай 2010 жылы туылған Аруайдың бимен шұғылдануға үнемі атасы алып барып жүрген. Алайда дәл осы күні ол үйіне жалғыз қайтқан. Бүгін сағат 11 шамасында кәмелетке толмаған Аруайды іздестіру барысында Қаратау қаласы маңынан белгісіз біреудің мәйіті табылды. Анасы мәйіттің киім қалдықтарын  қызыныкі екенін болжады. Барлық ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұраймын. Олар жоғалып кетуі немесе қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болуы мүмкін. 

Дарина ІЛИЯС,

“Jambylmedia.kz”

Пікірлер