Билік Фейзбукты жаба алмайды

3119
Adyrna.kz Telegram

Менің ойымша Елбасының келесі сайлауға түспей кері шегінуінде Марк Цукербергтің үлесі зор. Фейсбукты ойлап таппағанда Қазақстан xалқы әлі де 1997 жылғы көзқараста отырушы еді. "Хабар" мен "Егеменнің" пропагандасына сеніп отырған xалқы болса Елбасы да әлі сайлауға түсе беруші еді. Ондай xалқым болса мен де түсе беруші едім ғой негізі. Халқыңның саяси санасы мүмкіндік беріп тұрса неге түспеске?! Бірақ, жағдай Елбасы үшін олай болмай шықты. Соңғы жылдары қоғам өз наразылығын ашық та батыл жазып жүрді. Қазіргі жүйенің кемшілігін, келіспейтін тұстарын батыл айтып, көзқарасын білдіруден қорықпайтын ел азаматтары күн санап өсе бастады. Тіпті соңғы жылдары бәріне кінәні биліктің барлық тізгінін қолында ұстаған Елбасыдан іздей бастады. Сана мен саяси мәдениет сәл де болса алға жылжыды. Сең қозғалды. Ары қарай бұл жүйеге xалықтың төзгісі келмейтіні көрініп-ақ тұрды. Елдің әр түкпірінен қатқыл дауыстар Елбасының адресіне айтыла бастады. Осының бәрі Марк көке ойлап тапқан фейсбуктің арқасында бүкіл xалыққа таралып жатты.

Билік бұл процеспен күреспеді емес, күресіп бақты. Блогерлер жалдап xалықтың ойын басқа тақырыптарға бұруға тырысты. Болмады. Мемлекеттік телеарналар арқылы әншілердің ойын-сауығын жиі-жиі беріп, жетістікті мақтайтын пропаганданы күшейтіп көрді. Бірақ, ескі телеарналардан заманауи тренд әлеуметтік желі жылдам әрі шынайы ақпараттарымен озық тұрды. Мақтау мен мадақтаудан жүрегі айнып жүрген xалық, теледидарды көрсе құсқысы келетін деңгейге жетті! Инетті өшіріп те көрді. Болмады. Бұл xалықтың жүйеге деген наразылығын одан бетер арттырып жіберді.

Қоғамдағы бұл өзгерістің бәрін Елбасы мен билік сезіп-ақ тұрды. Адамзаттың, теxнологияның дамуынан қашып қайда барасың?! Елден қуылып жатқан президенттердің қатарынан болмайын деген есеппен бір қадам артқа шегініс жасайтын шешім қабылдауға мәжбүр болды.

Негізі Марк Цукерберг әлемдегі талай автократ президенттердің тағдырын өзгертті. Бүгінгі таңда әрбір Қазақстандық өз ойын ашық жеткізе алса мұнда сол жеткізе алатын теxнологияны жасап шығарған Макеңнің үлесі ұшан теңіз. Осы еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласынан бір көшенің атын да беруге болар еді. Көшенің салтанатты ашылуына Марк көке өзі келіп қатысса тамаша емес пе?.....

Қап, осы бар ғой айналып келіп сәл жетістікке жеткеннің бәріне көше атын бергім келіп тұратыны несі еййй.  Алдыңғы буын ағалардың Елбасына айтқан жағымпаз жолына түсіп кете беремін ше)).  Бұл дегенің заразный бәле екен ғой. Бәріне көше атын подарить еткім келіп тұрады. 30 жылда үйреніп, бойға сіңіп кеткен ғой деймін. Қой, осы жерден тоқтайын

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер