Ресейдің Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасының Көксу ауданындағы Тыңғыр елді мекенінде Ми-8 тікұшағы өртеніп кетті. Салдарынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр", – делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы қаза тапты.