Қазақстанның бірінші ракеткасы Бублик карьерасынан кейін Санкт-Петербургте тұратынын айтты

3497
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Александр Бублик «Матч ТВ»-ге берген сұхбатында карьерасын аяқтаған соң Ресейде тұру жоспары бар екенін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Спортшы Ленинград облысында туған және Санкт-Петербургте ұзақ уақыт тұрған. 2016 жылдан бері Қазақстан атынан жарысқа қатысып келеді, қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 33-орында.

Қазіргі кезде Монакода тұрып жатқан Бублик бұл жерді логистикалық тұрғыдан ыңғайлы деп санайды. Алайда кәсіби мансабын аяқтаған соң оо Ресейге оралуды жоспарлап отыр.

«Мен қандай да бір катаклизмдерді ескере отырып, Санкт-Петербургте тұрмақпын. Қазақстан үшін ойнаймын және оны мақтан тұтамын, бірақ мен орыспын. Астана маған көп көмектесті, бірақ мен орыс адамы болғандықтан, мені Петербургке, ондағы адамдарға тартатын сияқты. Өз халқымды қатты жақсы көремін, оларға ерекше ықыласпен қараймын. Мүмкін, мен бұл қалада өмір сүрмей тұра алмайтын шығармын», — деп мәлімдеді Бублик.

Сонымен қатар, спортшы азаматтығын Ресейден Қазақстанға ауыстырғаны туралы ешқашан өкінбейтінін айтты.

«Бұл шешім маған көмек қажет болған кезде қабылданды. Қазақстан мені қолдады, мен федерацияға, президентке және жалпы елге қарыздармын. Қазақстан маған тезірек көтерілетін мүмкіндік берді. Сондықтан бұған өкінбеу керек. Мұндай ойым жоқ. Бірақ мен Қазақстан үшін әрқашан өнер көрсетемін — бұл талқыланбайды», — деді Бублик.

Спортшыдан Ресей азаматтығын қайта алуы мүмкін бе деп сұрағанда: «Күрделі сұрақ, қазір осы туралы ойламаймын. Бұл сұраққа әзірше жауап жоқ. Теориялық тұрғыдан мүмкін, бірақ әзірге білмеймін», — деп жауап берді Бублик.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер