Ресейде соғысқа қарсы сурет салған оқушының әкесін қамауға алып, қызды балалар үйіне жіберді

3478
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС видеосынан алынды
Фото: ВВС видеосынан алынды

Ресейдің Тула облысы Ефремов қаласының соты мектепте соғысқа қарсы сурет салған оқушы Машаның әкесі Алексей Москалевті 2 жылға бас бостандығынан айырды. Оған Қарулы Күштерді қайта-қайта «қаралады» деген айып тағылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ер адам ата-ана құқығынан айырылмақ. Ал қызды балалар үйіне жіберді. Бұл Ресей Федерациясында кеңестік кезеңнен бергі 37 жыл ішінде саяси себептермен баланы жалғыз басты ата-анадан алып кету оқиғасы бірінші рет болып отыр.

2022 жылдың сәуірінде сурет сабағында Маша Москалева баланы ресейлік зымырандардан қорғайтын украин жалауы бар әйелдің суретін салған. Суретте «Украинаға даңқ!» және «Соғысқа жол жоқ» деп жазылған.

Қызын жалғыс тәрбиелеп отырғсн Алексейдің айтуынша, сурет пәнінің мұғалімі қызды салған суретіне бола қорқытқан. Одан кейін полиция келіп, барлық баланың  мәліметін жазып алған. Алексей мектепке кірерде, полиция күтіп алып, аты-жөнін сұраған, бірақ жалғызбасты әке басқа есімді айтып, құтылып кеткен көрінеді.

“Қызым: «Әке, полиция мені ұстап ала жаздады, мен сурет салдым», - деп тынысы тарылып, үйге жүгірді. Қызым қорқып кеткен, мен келесі күні мектепке келіп, оны сабақ біткенше күтемін деп уәде бердім», - деп жазды ОВД-Инфо Алексейдің сөздерін.

Келесі күн Алексей  уәде еткендей, мектепке келіп, екі сағаттай қызын күтіп отырған. Директор дәлізге шығып, оны көрген бойда дереу полицияға хабарласқан және Машаны сабақтан шығарып, әкесіне қызы салған сол суретті көрсеткен.

«Баланы сыныптан шығарып, тұтқын сияқты дәлізге алып шыққаны қандай ұят! Олар маған: «Балаға не үйретіп жатқаныңды қара! Ол не салған?» деді. Ал мен : «Соғысқа, қантөгіске қарсы, оның несі айып?» дедім. Олар хаттама жасап, куәгерлерді – мұғалімдерді шақырды, қол қойды. Бізді көлікке отырғызып, террористерді жетелеп бара жатқандай алып кетті. Біз полиция бастығы Андрей Аксеновке келдік. Ол маған баланы тәрбиелеу туралы дәріс оқыды”,- деді Алексей.

Алексей Москалев 1 наурызда Одноклассники сайтында Еленовкадағы Буча тұрғындары мен тұтқынға алынған украиндықтардың өлтірілуі туралы пікірлері үшін әскерді қайта-қайта «қаралау» туралы қылмыстық іс бойынша ұсталды. Істің қозғалуына қандай түсініктеме себеп болғанын Тергеу комитеті қылмыстық іс бойынша өз баяндамасында нақтылаған жоқ. 2 наурызда Москалевті үйқамақта жіберді.

Содан кейін қамқоршылық органдары Машаны кәмелетке толмағандарға арналған орталыққа апарды. Сот Москалевты үйқамаққа шығарғаннан кейін де, қызын орталықтан шығармаған.

Прокуратура қарсаңында Москалевке жалпы режимдегі колонияда 2 жыл өтеуді сұрады. Сот ер адамның ісін бір күн бұрын қарап, үкімді жариялады. Судья Антон Маликов Москалевті 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Mediazona агенттігінің хабарлауынша, Москалев үкімді жариялау үшін әкелінбеген. Оның қайда екені белгісіз. Соттың баспасөз хатшысы Ольга Дьячук Москалевтың үкім жарияланған қарсаңда түнде үйқамақтан қашып кеткенін айтты.

Пікірлер