Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жайлы Қазақстан Президенті жарлығының жобасында айтылады. Онда:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында активтерді қайтару комитеті (бұдан әрі – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – деп жазылған.Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Қазақстанда "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Құжаттарға сәйкес, Бас прокуратураның жанынан құрылатын жаңа комитетте 115-ке жуық қызметкер еңбек етпек.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Заңға және осы Жарлыққа сәйкес қайта қарау және келтіру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген жобада.Құжат үлгісі 21 шілдеде жарияланды, енді қоғамдық талқылау 4 тамызға дейін жалғасады.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Пара алатыннан гөрі пара алмайтын судьяны тану түнде айдың жарығымен шөп арасынан ине іздегенмен бірдей-ау.
Кедендегі жемқорлық пен Жол полициясының жүк тасушыларды тонауын тоқтатпасақ, түсетін төлемдерден айрыламыз.