Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылмақшы

2369
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/snimok-ekrana-2023_07_22-v-17.55.28.png
Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл жайлы Қазақстан Президенті жарлығының жобасында айтылады. Онда:
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында активтерді қайтару комитеті (бұдан әрі – Комитет) республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын", – деп жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Қазақстанда "заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Құжаттарға сәйкес, Бас прокуратураның жанынан құрылатын жаңа комитетте 115-ке жуық қызметкер еңбек етпек.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Заңға және осы Жарлыққа сәйкес қайта қарау және келтіру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген жобада.
Құжат үлгісі 21 шілдеде жарияланды, енді қоғамдық талқылау 4 тамызға дейін жалғасады.

"Адырна" ұлттық порталы

   
Comments