Алматыда екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлар қоймасы анықталды

2244
Adyrna.kz Telegram

Алматыда екі есірткі зертханасы мен химиялық заңсыз преппараттар сақталған ірі қойма анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл турады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«12 және 14 шілдеде Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті  тексеру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде екі есірткі зертханасы мен химиялық прекурсорлары бар ірі қойма жойылды. 10 келіден астам синтетикалық «мефедрон» есірткісі, 15 тоннаға жуық прекурсорлар, сондай-ақ кем дегенде төрт-бес есірткі зертханасының қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Есірткі жасау кезінде республиканың төрт азаматы ұсталды, оларға сот шешімімен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылдың басынан бері 24 есірткі зертханасын, 20 халықаралық және 23 аймақтық есірткі арнасын жойып, 780 келі синтетикалық есірткі мен 68 тоннадан астам прекурсорларды тәркіледі. Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді заңға сәйкес заңсыз айналымға, өткізуге, сақтауға, дайындауға, өсіруге, қайта өңдеуге, сатып алуға байланысты қылмыстар үш жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады», - деп толықтырды ҰҚК.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер