10 айда 47 бала суға батып кеткен

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GEsvSVNvpcXwiby5ha5KqcyWuGgFaTqxNfg1EuD4.jpg

Бүгін, 16 қарашада Құрылтай депутаты Юрий Ли Үкімет сағатында су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Биылғы жылдың 10 айында су айдындарында балалардың қаза болуына байланысты 47 оқиға тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 46 болған. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда болады», – деді депутат.

Сондай-ақ ол халықаралық тәжірибеде балалардың суға кетуінің алдын алу үшін оларды жүйелі түрде жүзуге үйрету, шомылу мен демалуға арналған арнайы қауіпсіз орындар ұйымдастыру шаралары қарастырылғанын атап өтті.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев су айдындарында 47 баланың қаза тапқанын растады. Ол балалардың ересектердің қарауынсыз суға түсуі аса қауіпті екенін ескертті.

«Оқиғалардың шамамен 85 пайызы ересектердің немесе ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан болады. Бұл бағытта да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді вице-министр.

 

Пікірлер