Полицейдің қызметтік көлігінен есірткі табылған

188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Шымкентте заңсыз есірткі сақтау дерегіне қатысты жүргізілген жедел іс-шаралардан кейін полиция қызметкері ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Kia автокөлігін полиция қызметкерлері тоқтатуға тырысқаны туралы ақпарат тараған. Алайда жүргізуші полицияның қызметтік көлігіне соғылып, оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Кейін көлік арнайы жасақ қызметкерлерінің көмегімен тоқтатылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде Еңбекші аудандық полиция бөлімшесінің қызметкері болған. Салонда тағы екі адам отырған. Тексеру барысында автокөліктен шамамен үш грамм мефедрон табылғаны хабарланды.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтаған. Сонымен қатар көлікте азаматтық тұлғалармен бірге аудандық бөлімшелердің бірінде қызмет ететін полицейдің болғаны белгілі болған.

«Аталған қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, бұрынғы қызметкердің әрекеттерін қоса алғанда, оқиғаның барлық мән-жайына құқықтық баға беріледі.

Пікірлер