АСЫЛХАН МАМАШҰЛЫ: Әлихан 2024-25 жылдары 369 мектеп салып, мәселені біржола шешеміз депті. Ол кезде Әлиханның өзі бола ма, жоқ па, ол да белгісіз.

1715
Adyrna.kz Telegram
Төрт белгісіз
Кеше Әлихан үкімет отырысына галстугын шешіп, жағасын нетіп, өзіміз сияқты келе салыпты. Демалыс күн болған соң сөйтті ме, әлде үйінде ұмытып кетті ме, онысы белгісіз.
Әлиханның жиналысына бұл жолы галстук қатыспайтынын баспасөз хатшысы бәріне ескертсе керек. Министрлер де жаппай жағасын жіберіп, өзіміз сияқты боп қапты. Үйлерінен тақпай келді ме, әлде Әлиханды көрген соң төсқалталарына умаждап тыға салды ма, ол жағы белгісіз.
Әлихан министрлерді елбасының туған күнімен құттықтап, мұнымды ешкімге айтпай-ақ қойыңдар деді ме, демеді ме, ол да белгісіз.
Жиында 2024-25 жылдары 369 мектеп салып, Қазақстанда мектеп мәселесін біржола шешеміз депті.
Ол кезде Әлиханның өзі бола ма, жоқ па, ол да белгісіз.

 

Пікірлер