Әлеуметтік желі белсендісі Бәкіжан Берікұлы 4 сынып оқушыларына арналған “қазақ тілі” кітабындағы қателікті айтып, видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айтуынша, оқулықтағы мәтін сөздері бір-біріне қарама-қайшы.
“Міне, “қазақ тілі” кітабы 4-сынып 2 бөлім “құмырсқа” туралы. “Біріншіден, құмырсқа - ең көп кездесетін жәндік. Екіншіден, құмырсқа - жәндіктердің сирек кездесетін түрі, - дейді. Бір сөзбен айтқанда, өз-өзіне қарсы шығып отыр”,- деді Бәкіжан.
Видеоға жазған пікірлер де көп.
“Кітаптардың саны көп, сапасы мүлдем жоқ”, “Өзіміз оңбай жатқанда кітаптарды ақсатты, біздің кезіміздегі зиялы қауым жоқ қазір әдебиеттерде”, - деп жазды пікір білдірушілер.