Әлихан Смайылов кешірім сұрады

2338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/untitled-960x500.jpg?token=fba2590fbfa037548b97336a2c698b96
Премьер-министр Қарағанды шахтасындағы апатқа байланысты қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін премьер-министр шамамен жарты сағаттай журналистердің сұрағына жауап берді. Үкімет басшысыныа АрселорМиттал Теміртауда компаниясының Костенко шахтасындағы жарылыс, компанияның алдағы уақытта тағдыры не болатыны, шахташылардың айлығы, салық жөнінде бірнеше сұрақ қойылған. АМТ-ны қай инвестор алатынын атамады. Келісім құпия екенін, 30 қарашаға дейін инвестордың аты аталатынын айтты. Шахташылардың туған-туыстарынан кешірім сұрады. "АрселорМиттал Теміртауға бюджет қаражаты салынбайды. Алдағы үш жылда инвестор ол кәсіпорынға 3 млрд доллар инвестиция салуы керек. Оның 1,3 млрд долларын бірден салғаны талап етіледі", – деді ол.
Пікірлер