"Арнайы операциялар елінде" не болып жатыр?

6435
Adyrna.kz Telegram
Фото: Meduza
Фото: Meduza

Ресейде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу арасындағы қақтығыс аясында Ресейдегі әскери-саяси жағдай күрт нашарлады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

23 маусым күні кешке Пригожин Шойгуды Украинаға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан жеке әскери компанияның тылына шабуыл жасады деп айыптады. Пригожиннің мәлімдемесінен кейін федералды қауіпсіздік қызметі қарулы төңкеріс туралы қылмыстық іс қозғады. Ресейдің бірқатар облыстарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі "Вагнер" әскеріне соққы жасағанын мәлімдеген. Ал ВВС қызметінің мәліметінше Пригожин мен қорғаныс министрлігі арасындағы дау шегіне жеткен. "Вагнерге" жасалған соққыдан кейін Пригожин "әділдік маршын" өткізуге уәде берді. Мұны көпшілігі әскери төңкеріс деп бағалады.

Алайда, Ресей билігі соққы жасалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің тергеу басқармасы 2023 жылдың 23 маусымында Евгений Пригожинге қатысты қарулы төңкеріс дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 279-бабымен іс қозғады. Оның іс-әрекетіне лайықты құқықтық баға беріледі. Бұл қылмыс үшін 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген Ресейдің бас прокуратурасының мәлімдемесінде. 

Одан бөлек, федералды қауіпсіздік қызмет Пригожиннің бұйрығына бағынып, орыс халқына қарсы қылмыс жасамауға және қателік бой алдырмауға шақырды.

Ресейдің қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі мен федералды қызмет Путинге тәулік бойы қабылданған шара бойынша баяндап отырады. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков хабарлады. 

БАҚ мәліметінше, Дондағы Ростов аймағында брондалған техника байқалған. Кейін көшедегі камералар істен шығыпты. Ал "Вконтакте" мен Яндекс Пригожиннің мәлімдемесін бұғаттай бастаған. 

Айта кетейік, Ресейлік журналист, Нобель сыйлығының иегері  Дмитрий Муратовтың оқиғаға қатысты пікірін жариялаған едік. Одан бөлек, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алған қауіпсіздік жағдайларына байланысты бұл аймақтарға бармауға кеңес беріп, мәлімдеме жасады.

Пригожиннің бүлігіне Ресей президенті Владимир Путин пікір білдірді. Ол “Вагнер” басшысын сатқын деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық берді.

Бұл өткен ғасырдың басында болды: содан кейін Азамат соғысы болды, орыстар орыстарды өлтірді. Бұндай жағдайдың қайталануына жол бермейміз, халықты ішкі сатқындықтан сақтаймыз. Бұл – сатқындық. Шамадан тыс амбициялар сатқындыққа әкелді, - деді Путин видеоүндеуінде.

Бұл үндеуге Пригожин де үнсіз қалмады. Ол Путиннің қате таңдау жасағанын айтып,  таяуда жаңа президент келетінін де хабарлады.

 

Пікірлер