БРИКС саммитіне Ресейге "дос емес" елдердің журналистері де қатысады

787
Adyrna.kz Telegram
Фото: piter.news.net
Фото: piter.news.net

БРИКС саммитіне Ресей президенті Владимир Путин мен шетел басшыларының екіжақты кездесулерінде Ресейге "дос емес" елдердің БАҚ журналистері де қатыса алады. Бұл туралы ТАСС жариялады, деп хабардайды “Адырна” ұлттық порталы.

Атап айтқанда, Associated Press, Reuters, AFP және EPA журналистері сейсенбі күні көшбасшылар арасындағы екіжақты әңгімелесулер өтетін форум аясында және Қазан қалалық әкімшілігінің бейресми түскі асы өтетін іс-шараларға жазылды. Бұл басқа күндердегі оқиғаларға, соның ішінде 24 қазандағы саммиттен кейінгі Путиннің баспасөз мәслихатына да қатысты.

БРИКС саммитіне қатысуға 59 елдің журналистері өтініш берді. Бұл халықаралық шараға барлығы 2 мыңға жуық БАҚ өкілдері аккредиттелген болса, олардың жартысына жуығы - шетел азаматтары.

Пікірлер