Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Қазақстан азаматтарына арнап мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ресми хабарламасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Елшілік Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алған қауіпсіздік жағдайларына байланысты бұл аймақтарға бармауға кеңес берді.
Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдай туындағанда Қазақстан азаматтарына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Еске сала кетейік, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады.