Өскемен қаласында азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға 22 маусымда сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде болған. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанып кеткен.
Мәлімет бойынша, оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себептері – электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура