Ниамей мектебінде өрт шықты. 20-дан астам дайындық және кіші сынып оқушылары қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құрбан болғандардың ең үлкені 9 жаста ғана болған.
Myc.news атап өткендей, Нигерия премьер-министрі Оухумуду Махамаду өрттің себебін анықтауға уәде берді.
Егер бұл қасақана жасалған қылмыс болса, кінәлілер жауапқа тартылады, деді ол.
Өрт сыныптардың біріндегі қысқа тұйықталудың салдарынан бастау алған. Мектеп оқушылары өрт салдарынан қираған сынып жабдықтарының тұзағына түсіп қалды, деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына қысқа мерзімде келген өрт сөндірушілер мен төтенше жағдайлар қызметі өртті оқшаулап, көп адам шығынын болдырмады.
"Адырна" ұлттық порталы