30 адам эвакуацияланды. Өскеменде азық-түлік дүкені өртенді

2679
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/51439be1-7b8f-49bc-9589-7aceb6d0d791.jpeg
Өскемен қаласында азық-түлік дүкені өртеніп, 30 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиға 22 маусымда сағат 04.40-та Сәтбаев даңғылындағы азық-түлік дүкенінде болған. Дүкен он қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан. Сауда жабдықтары мен азық-түлік өнімдері жанып кеткен. Мәлімет бойынша, оқиға орнына келген ШҚО ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Өрт сағат 05.40-та 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себептері – электр жабдығының авариялық жұмыс режимі және электр жабдығын орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Comments