Бір қақпаны жөндеуге 600 миллион теңге керек

1883
Adyrna.kz Telegram

Құрылыс сапасына қалалық мәслихат депутаттарының көңілі толмай отыр

Елордадағы танымал ғимараттардың бірі – "Мәңгілік ел" қақпасын жөндеуге 600 миллион теңге қаражат керек.

"Нысан жауын-шашын мен еріген қар суының астында қалады. Бұл мәселеге бей-жай қарамау керек",- деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов мәслихаттың кезекті сессиясында.

Оның айтуынша, бұл маңдағы жерасты жолын салу жұмысы өте сапасыз жүргізілген.

"Жыл сайынғы жөндеу жұмысы бұл кемшілікті жоя алмайды. Толықтай жөндеу жүргізуге шамамен 600 миллион теңге қажет", - деді Нүркенов.

Елордалық депутат Сергей Солодовников болса, мәселе мұнымен бітпейді деп отыр. Ғимаратта су оқшаулау жүйесі де дұрыс жасалмаған.

Мәслихат депутатының ойынша, нысанның жарамсыз болып қалуына жол салу ережелерінің сақталмауы себеп болған. Салдарынан жерасты жолына еріген қар суы жиналады.

Пікірлер