Алматы облысындағы 250 балаға арналған мемлекеттік мектеп жеке-меншікке 15 миллион теңгеге сатылып кеткен, деп жазады "Адырна". Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай мәжіліс отырысында мәлімдеді.
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектеп 250 балаға арналып салынған болатын. Соңғы жылдары капиталды жөндеу жұмыстары жасалынып, қажетті заттарымен қамтамасыз етілген. Депутаттың айтуынша, ауылдық мектеп қазір жеке қолға сатылып кеткен.
"Бар мектептің өзін сатып жатырмыз. Біреуден 15 миллионға сатып алып, оны артынан 80 миллионға сатқан. Сол ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 миллион теңге тұрады. Бүтін бір мектептің 15 миллионға сатылуы деген сұмдық нәрсе" деді Мақсат Толықбай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Адырна" ұлттық порталы