Алматыда есірткіні кепілге қоюшы болып жұмыс істеген 20 және 22 жастағы екі жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
"Біздің бөлімнің қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда Көктем ықшамауданында қолға түсіру бойынша арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде 2000 жылы туылған азамат К. және 1999 жылы туылған азамат С. ұсталды. Олар бұрын есірткімен байланысты қылмыстары үшін ұсталып, жуапкершілікке тартылған. Процедуралық тексерісте олардан 72 ұнтақты зат анықталды, олардың қылмысқа қатыстылығы қылмыстық іс шеңберінде тағайындалған сараптамамен анықталады", деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Тергеу амалдары әлі де жалғасуда.
"Адырна" ұлттық порталы