Ресейдің Брянск қаласындағы мектепте оқушы қыз атыс шығарып, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ресейлік БАҚ мәлімдеуінше, 8 сынып оқушысы гимназияның төртінші қабатындағы сыныпқа кіріп, биология сабағында оқ атқан. Ол төрт ер баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсағаны айтылды.
Mash Telegram-арнасы мәліметінше, қыз әкесінің қаруын пайдаланған. Ал қыздың оқ атуына мектептегі қысым әсер еткен. Салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды.
«Адырна» ұлттық порталы