Павлодар мектебінде өрт шықты: 5 бала жарақат алды

3494
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда мектептегі өрт салдарынан 500-ге жуық адам эвакуацияланып, бес адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 11.00-де Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан №1 орта мектептің үшінші қабатындағы кітап қоймасы өртенді.

«Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған.  Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды. Сағат 11:41-де өрт сөндірілді», – деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж. Жұмашев.

Өрт сөндіру орнында ТЖД-нің 35 қызметкері және 9 техника,  апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1  техника жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес оқушы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 2008 жылы туған қыз бала «жеңіл дәрежеде жану заттарымен улану» және 2007 жылғы қыз «стресске жіті реакция» диагнозымен қаралып, ата-аналарына тапсырылды.

«Сондай-ақ, 2005 және 2006 жылы туған үш қызда «көмірқышқыл газының уытты әсері» тіркелді», – деді басқармада.

Оқушылар 15 сәуір күні сағат 12.15-те  облыстық балалар ауруханасының  қабылдау  бөліміне жеткізілді. Кезекші педиатр қарап шыққаннан кейін шұғыл түрде соматикалық бөлімшеге жатқызылған. Ауруханаға түскен кезде газбен улану салдарынан балалардың жағдайы орташа ауыр болған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер