"Мекеменің кіреберісіне ондаған кәмелетке толмаған бала мен жасөспірімдер жиналды. Кадрдан балалардың кезекте қалай қысылып тұрғанын көруге болады", - деп жазды видео авторы.
Жастардың нөмірін видеодан көрген Талғат есімді желі қолданушысы:
- Ақтөбеде тегін дөнергеге жиналған жастар. «Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы!», - деп атам қазақ сүйекке жеткізіп айтып кеткен еді. Бір күндік тамақ үшін ар мен намысты жиып қойғандардың ісі ұят, - деп жастардың әрекетін сынға алды.
Бұл жағдай төңірегінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, бірі қолдаса, бірі дүрсе қоя берді:
- Осыны жария жасаған адам жауапқа тартылсын! Не масқара! Жастар жазым болуы мүмкін.
- Бізде тегін беруге болмайды. -50% десе де болатын еді ғой. Тағы да қазақ халқы масқара болды.
- Студенттер аш, оларды оқу орындарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.
- Қыздарға не жоқ?
Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
"Адырна" ұлттық порталы