Ақтөбеде тегін дөнер алуға жиналған жастар бірін-бірі таптап кете жаздады

2913
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/kak-sdelat-doner-doma.png
Ақтөбеде жаңа ашылған дәмхана есебінен тегін дөнерін алуға жиналған жұрттың құлқыны желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Кадрлардан олардың "тегін" дүниенің жолында бірін-бірі таптап кетуге дайын тұрғанын байқауға болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
"Мекеменің кіреберісіне ондаған кәмелетке толмаған бала мен жасөспірімдер жиналды. Кадрдан балалардың кезекте қалай қысылып тұрғанын көруге болады", - деп жазды видео авторы.
Жастардың нөмірін видеодан көрген Талғат есімді желі қолданушысы:
- Ақтөбеде тегін  дөнергеге жиналған жастар. «Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы!», - деп атам қазақ сүйекке жеткізіп айтып кеткен еді. Бір күндік тамақ үшін ар мен намысты жиып қойғандардың ісі ұят, - деп жастардың әрекетін сынға алды.
Бұл жағдай төңірегінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, бірі қолдаса, бірі дүрсе қоя берді:
- Осыны жария жасаған адам жауапқа тартылсын! Не масқара! Жастар жазым болуы мүмкін. - Бізде тегін беруге болмайды. -50% десе де болатын еді ғой. Тағы да қазақ халқы масқара болды. - Студенттер аш, оларды оқу орындарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек. - Қыздарға не жоқ?
Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Comments