Қасым-Жомарт Тоқаев өз реніштерін ортақ игіліктен ажырата біледі

2525
Adyrna.kz Telegram

«Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды...» деген нақылдар әке тәрбиесінің қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. Көбінесе адамның бойындағы белгілі бір қасиеттердің қайдан шыққанын білу үшін оның отбасы тарихын зерттеп, ата-анасының қандай болғанын білу маңызды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев фашистік басқыншыларға қарсы күресте жастық пен денсаулығын аямаған майдангер. 2023 жылдың 2 қазанында 100 жасқа толар еді. Бірақ 1986 жылдың қарашасында ерте өмірден озды.

Әкесі туралы кітапта Қасым-Жомарт Тоқаев орны толмас қайғысы туралы былай деп жазды: «Әрқашан отбасымыз үшін орны толмас қайғыны еске ала отырып: әкем жетім қалып, балалық шақтың барлық қиыншылықтары, Ұлы Отан соғысының қанды қасіретін басынан өткерді. Бірақ Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуы секілді ұмытылмас тарихи оқиғаны көріп, куә болу бақытына неге ие болмады екен, соны түсінуге тырысамын. Әкем есейген немерелерінің қасында да өмір сүре алмады… Себебі о дүниеге аттанып кетті. Ал бізге өзі туралы жылы естеліктер, жарқын армандары мен батасын беріп кетті».

Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы толғаныс» кітабында Кемел Тоқаевтың денсаулығына нұқсан келтірген және уақытынан бұрын өмірден озуда не себеп болғанын айтпады. Алайда соғыс ардагеріне қазақ ұлттық әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушыға қызғанышпен қараған адамдардың ұйымдастырған интригалары әсер еткен болуы мүмкін.

Қалай болғанда да Ұлы Отан соғысының тағы бір қатысушысы, әділет ардагері Ізгілік Нұрмағанбетұлы Дабаевтың естелігінде де осы интригалар мен жала-жабулар туралы айтылған. Оларды 12 жыл бұрын Заң газеті жариялаған екен. Кемел Тоқаев пен Ізгілік Дабаев 1942-1945 жылға дейін Брянск, Батыс, Беларусь, Бірінші Украина майдандарында бір әскери бөлімнің құрамында қызмет етті. Олар соғыстан кейін де дос болды. Кемел Тоқаев бұл кезеңде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінен тікелей бағынатын "Ведомстви" газетін басқарды. Дабаевтың естеліктеріне сәйкес ол аппаратта құрметке ие болды және таза, батыл, табанды және адал адам ретінде танымал болды, ал екіжүзділік, жағымпаздықтың Кемел Тоқаевтың бойына жат нәрсе екенін бәрі білді.

1964 жылы аппараттың 20 қызметкері Қаскелең ауданынан саяжайларға арнап 8 сотоктан жер бөліп берген екен. Осы қызметкерлердің бірі Кемел Тоқаев болды. Майдангер журналист бұл участкіде жоқ дегенде шалаш тұрғызуға тырысты, бірақ одан саяжай тұрғыны шықпайтынына сенімді болды. Сөйтіп өз участкісін аппарат қызметкеріне беріпті. Алайда көп ұзамай Мәскеудің өзінен осы саяжайларды тексеруге комиссия келді. Сөйтсе Кәрім Ақаев деген адам Кемел Тоқаев участкісінде мәрмәрдан сарай тұрғызып алғандай шағым түсіріпті. Мүмкін кейбіреулер Қасым-Жомарт Тоқаевты ауқатты және толық отбасыда өмір сүрген деп ойлайтын шығар.

Алайда жоғарыда аталған "Әке туралы толғаныс" кітабында мынадай естеліктерімен бөліседі: «Біздің отбасымыз өте тар тұрғын үйде өмір сүрді. Бәріміз коммуналдық пәтердің бір бөлмесіне сыйдық. Түнде оянғанда әкемді қағаз парақтарындағы үстел шамының астында еңкейіп отырғанын көретінмін. Сол қолына түтіні шығып жатқан папиросты ұстап, оң қолымен каллиграфиялық қолжазбасымен сөздерді бірінен соң бірін жазып жатты. Содан кейін ол бәр сәт ойланып, жаңа папиросты шегіп, қаламды үлкен ыдыстағы сияға батырып, жазуын жалғастырды».

Кемел Тоқаев милиция мен контр барлау органдарының қызметіне арналған кітаптар жазды. Мысалы, «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Көмескі із», «Түнде табылған оқ», «Таңбалы алтын» тағы да басқалары. Кемел Тоқаевтың «Арнаулы тапсырма» кітабы оның орынсыз қудалауына себеп болған. Осы жағдайда денсаулығының бұзылуына әсер еткен болуы мүмкін. Мұндай бәр сәт тарихқа көз жүгірту керек.

XIX ғасырдың аяғында Ақмолада бай-көпес Шәріп өмір сүрді. Ол большевиктерді жек көрді. Тіпті Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» кітабында есімі аталды. Кемел Тоқаев та өзінің «Арнаулы тапсырма» кітабында бұл саудагердің атын атап, оның Ақмолада өмір сүретінін жазған. Бірақ Сейфуллин де Тоқаев та ең маңызды деректі білмеді. Көпестің қызы Зуһра Шәріпқызы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші Хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жары әрі адал серіктесі болды. Жоғарыда аты аталып өткен Кәрім Ақаев бұл жолы Тоқаев өз кітабында Зуһра Шәріпқызы мен Дінмұхамед Ахметұлының атына кір келтірді деп, оның үстінен шағым түсірген. Қонаев жеткізілген сөзге сеніп, еш тексерусіз, жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым сала отырып, жұмыстан шығаруды тапсырған. Бұл оқиға 1977 жылы орын алды. Тек 1980 жылы ғана Кемел Тоқаев Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі лауазымына ие болды.

Кемел Тоқаевтың атын ақтап алуға оның досы әрі Қонаевтың көмекшісі, белгілі жазушы Владислав Владимир өзінің үлесін қосты. Ол ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, Кемел Тоқаевтың атын қайта ақтап алуға өтініш білдірген екен. Дінмұхамед Ахметұлы сол кезеңде көп ойланды деседі. Осы жағдайдан соң әділетсіз айыпталған жазушыны ақтады. Нәтижесінде, өткен ғасырдың 80-ші жылдары Кемел Тоқаевтың бірнеше кітабы жарық көрді.

2000 жылдары Владимиров досын жылы лебізбен еске алды: «Ол тәжірибелі майдангер, тамаша жазушы, жақсы жолдас және өте керемет адам болды», - дейді.

Тарих бізге Тоқаевтың ортасын дұрыс таңдай алмағандығын ғана көрсетпейді, осындай кемшілікті өкінішке орай қазақстандықтар тәуелсіздік алған 30 жыл бойы бақылап келді.

Оқиға бізге әкесінің тәрбиесін алған Қасым-Жомарт Кемелұлының жеке басының реніші мен ортақ игіліктің ара-жігін ажырата білетінін көрсетті. Қонаев қазіргі Қазақстан үшін - дана басшысының символы, даму мен өркендеудің синонимі. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл символды сөзімен де, ісімен де төмендетпеді. Тіпті Қапшағайға ресми түрде Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне есімін бере отырып, оны қоғамдық санада мықтылап бекітті.

Пікірлер