Қазақстан еріктілерінің «Еркіндік Періштелері» атты қайырымдылық жобасы 3 сәуір күні Украинаның Чернигов қаласындағы бомба-паналарды жабдықтауға ат салысты. Панажай орналасқан қос мектеп биылғы оқу жылында алғаш рет есігін ашып, оффлайн режимінде оқытуды бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Соңғы жылы Украинада соғыс қимылдары салдарынан 2500-ден астам оқу орны зардап шекті. Олардың 400-ден астамы қалпына келтіруге мүлдем келмейтін жағдайда қираған.
2022 жылдың маусым айында қазақстандықтар Черниговтағы (Солтүстік Украина) мектептерді қалпына келтіруге көмек сқраған украиндық еріктілермен байланысты. Қалаға ұрыс қимылдарының кесірінен 34 мектептің 27-сі зардап шеккені хабарланды.
Украин мектептеріне көмектесу үшін Қазақстаннан еріктілер арнайы толокалар дайындады. Яғни, барлығы бас құрап, періштелер бейнесіндегі дәстүрлі украиндық мотанка қуыршақтарын жасау іс-шараларын ұйымдастырды. Арнайы кәдесыйлар жәрмеңкелерде сатылған. Түскен қаражаттың барлығы украиндық білім беру мекемелерін қайта қалпына келтіру үшін жолданған.
«Біз өткен жылы, маусым айында, Астанада тұңғыш рет толока өткіздік. Содан бері біздің толокаларымыз тұрақты түрде өтті. Жоба үшін жиналған волонтерлік топтар төрт облыс: Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодарда жұмыс істеп жатыр. Жоба өткен сегіз айдың ішінде біз Черниговтағы екі мектептін бомбапаналарын жабдықтауға көмектестік, олар биыл алғаш рет оффлайн режимінде білім беруді бастады», - деді жоба үйлестірушілерінің бірі Ирина Семенчук.
Украинадағы жаңа ережелерге сәйкес, қазіргі соғыс жағдайында, әуе шабуылдары кезінде егер мектептің жерасты бомпа-паналары болмаса, балалар офлайн режимде жұмыс істей алмайды. Украинада мұндай дабылдар жиі болып тұрады. Әдетте, 20 минуттан 4 сағатқа дейін созылады. Осы уақыт аралығында балалар бомбапанада болуы тиіс.
«Көптеген украин мектептерінің жертөлелері белгілі себептерге байланысты баспанаға бейімделмеген. Тыныш кезде жертөлелер негізінен тұрмыстық қажеттіліктерге және көкөністерді сақтауға пайдаланылды. Сондықтан оларды реттеп, аз уақытта оқу процесін ұйымдастыра алу үшін ірі инвестициялар қажет. Қолдан келген көмекті көрсетуге тырысамыз», – дейді жобаның тағы бір үйлестірушісі Евгений Рибалко.
№6 Чернигов мектебі 2022 жылдың наурыз айында түскен зырыранның кесірінен қатты зақымданған. Ғимарат қирамаса да, жарылыс салдарынан мектептің 88 терезесі қағып, 36 батарея бүлінген. Қазір мектеп мемлекет қаражаты есебінен қалпына келтірілді, бірақ қазақстандық еріктілер мен Бельгиядан келген донорлар бомбапананы жабдықтауға көмектесті. Жөндеу жұмыстарынан бөлек, еріктілер 260 жиналмалы орындық, 80 жиналмалы үстел, екі өрт сөндіргіш, 3 жылытқыш, сондай-ақ маршрутизаторлар, ұзартқыштар және басқа да жабдықтар сатып алды.
№13 Чернигов мектебі Черниговке әуе шабуылынан зардап шеккен, бірақ аман қалған аймақтағы үш мектептің бірі. Қазір мұнда әуе бомбаларының тікелей соққысынан толықтай қирап, қалпына келтіруге жатпайтын көршілес екі мектептің – №18 және №21 мектептің балалары да оқытылады.
Қазақстандық еріктілер бірден көмек қолын ұсына білді және олардың жәрдемдері Чернигов мектептері үшін маңызды болды.
"Адырна" ұлттық порталы