Президент Тоқаев Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелмен кездесті

1313
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөз қызметі
фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелмен кездесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссия вице-президенті Жозеп Боррелмен кездесті», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, кездесу барысында әңгімелесушілер Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

«Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өңірлік өзара іс-қимылы бойынша пікір алмасу болды», - деп қосты Ақорда.

Пікірлер