Төмендемеген зейнет жасы: Тамара Дүйсенова тағы да "үйреншікті" қызметіне тағайындалды

4858
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты бастамалар жиі көтеріліп келеді. 15 наурыз күні өткен Сенаттың жалпы отырысында бұған қатысты "бұрынғы" және "қазіргі" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төмендегідей жауап қатқан еді.

"Нәтижесінде, азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының жақсаратын болса, 2029 жылдан бастап біз бұл мәселеге қайта ораламыз, егер бәрі осы деңгейде қалса немесе, керісінше, төменірек болса, онда әрине, жас шектеуі мәселесі міндетті түрде қайта қаралады".

Министр қазақстандықтардың зейнетке шығу жасы өмір сүру ұзақтығы және оларды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі бойынша қарастырылатынын мәлімдеген болатын. Министр зейнет жасының төмендеуіне қатысты нақты жауапты беруге асықпай, бұл мәселеге 2029 жылы қайта оралатынын хабарлап, қысқа қайырған-тұғын.

"Нәтижесінде, азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының жақсаратын болса, 2029 жылдан бастап біз бұл мәселеге қайта ораламыз, егер бәрі осы деңгейде қалса немесе, керісінше, төменірек болса, онда әрине, жас шектеуі мәселесі міндетті түрде қайта қаралады", деп хабарлайды Тамара Дүйсенова.

Орайы келгенде айта кетейік, "бұрынғы" және "қазіргі" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Түркістан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары қызметін атқарды.

1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі;

2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018); «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі (2019-2020).

2020 жылдың мамырында Президент көмекшісі-Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 2022 жылы 11 сәуірден бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер