Министр Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды

9710
Adyrna.kz Telegram

Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Премьер-Министр орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.

"Бұрынғы" және "қазіргі" Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда Түркістан облысында туған.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірді, мамандығы – инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек ССР-нің Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Экономика ғылыми зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді. Кейіннен Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары қызметін атқарды.

1997-1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары;

1999-2002 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице - министрі;

2006 - 2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2008 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (02.2013-06.2013); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013-2014); Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017); Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018); «Nur Otan» париясының хатшысы (2018-2019). «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекшісі (2019-2020).

2020-2022 жылдар аралығында Президент көмекшісі-Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болған. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

Тамара Дүйсенова 2022 жылы 11 сәуірден бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келген. Бүгіннен бастап оған Премьер-Министрдің орынбасары деген лауазым қосылды.

Пікірлер