Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирде әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
1 сағат 52 минутқа созылған матчта отандасымыз 7:6 (7:3), 6:4 есебімен ойынды аяқтады.
Елена Рыбакина финалда чехиялық Петра Квитова немесе румыниялық Сорана Кырстямен бақ сынасатын болады.
Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларын құрайды.