Медведев: Батыс елдерінің Украинаға көмектесуі "ядролық апокалипсиске" әкеледі

1899
Adyrna.kz Telegram

Батыс елдерінің Киевке қару-жарақпен көмектесіп жатқаны "ядролық апокалипсиске" әкеледі. Бұл пікірді РФ Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Ядролық қақтығыс қаупінен құтыла алды ма? Жоқ, құтылмады. Қайта қауіп күшейе түсті. Күн сайын  шетелдік қару-жарақтың Украинаға жеткізілуі түбі ядролық апокалипсиске әкеледі. Менінше, олар соңына дейін Ресейдің, оның президентінің дәл осындай шешімге тоқтайтынына және өзінікін істейтініне сенген жоқ. Олар қателесті. Егер олар 2021 жылдың желтоқсан айында бізбен құжаттарға қол қойса, салдары бұдан әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан кейбір елдермен, одақтармен, қауымдастықтармен келіссөз жүргізудің дым мағынасы жоқ. Олар тек "күш көрсету" тілін ғана түсінеді",- деді Медведев.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

Пікірлер