АҚШ пен ЕО Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектескен елдерге қатаң шара қолданбақ

2505
Adyrna.kz Telegram

АҚШ пен ЕО Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп отырған елдерге қатысты қатаң шаралар қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мен АҚШ президенті Джо Байден Вашингтонда өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Біз Ресейге әлемнің кез келген жерінен соғыс жүргізуге көмектесетіндерге жол бермеу үшін қолдау көрсетіп жатқан үшінші елдердегі субъектілерге қарсы бірлесіп шаралар қабылдауға дайынбыз», - деп мәлімдеді Урсула фон дер Лейен мен Джо Байден. 

Еуропалық Одақ пен АҚШ Ресейдік әскери-өнеркәсіптік кешенін «бұдан әрі әлсірету» мақсатында жаңа шараларды жариялады.

«Біз Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырамыз және Ресейдің соғыс жүргізу қабілетін төмендетеміз.Біз жалтару мен айналып өтудің алдын алу үшін санкцияларымыздың сақталуын бақылауды күшейтеміз. Біз ресейлік әскери машинаға отын беруді жалғастыратын жеткізу жолдарын кесіп тастауымыз керек және біз оған қатысы бар адамдарға санкция саламыз», - деді Урсула фон дер Лейен өзінің Twitter-дегі жазбасында. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер