Жастарға арналған 2,5%-дық несие қашан беріледі?

3411
Adyrna.kz Telegram
Фото: wfin.kz
Фото: wfin.kz

2023 жылдың наурызынан бастап жастарға арналған 2,5%-дық несие беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (кредитке – автор) ережелерді толық дайындадық. Бұйрықтар шықты. Әділет министрлігінен тіркеуден өтті. Қазір жастарға арналған 2,5%-дық несиеге біз жауап береміз. Алайда 2,5%-дық несие Ауыл шаруашылығы министрлігі де де бар. Біз бұл мәселеге қатысты толық шешім қабылдадық", –  деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов сенат отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. 

Одан бөлек, вице-министр ақпанда тиісті келісімдерге қол қойылатынын айтты. 

“Оның мерзімі бар. Осы айда жергілікті атқарушы органдары және Қаржы министрлігімен кредиттік келісімге қол қоямыз. Келесі айдан бастап кредит беруді бастаймыз. Ешқандай проблема жоқ. 2,5%-дық несие 5 млн теңгеге дейін беріледі”, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

Еске сала кетейік, былтыр президент 1 қыркүйектегі жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беруді тапсырған еді.

Пікірлер