Қазақстада Астана мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан жұмыс іздеп шетелге кетушілер артқан. Бұл туралы Finprom.kz ресурсы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәліметке сүйенсек, 1 наурыздағы жағдай бойынша шетелдіктердің күшін пайдаланатын жұмыс берушілердің саны 1,6 мыңға жеткен. Аталған кәсіпорындарда 459 мың Қазақстан азаматы (99,5%), 13,1 мың шетелдік еңбек етіп жатыр.
Шетелдік жұмысшылардың ішінде басшы және басшының орынбасары болып еңбек етіп жүргендердің саны бір жылда 0,4% артып, 567 адамға жеткен. Ал құрылымдық бөлімшелердегі жетекшілердің саны 10,4% азайып, 2,7 адамға түскен.
Елде 5,8 мың шетелдік маман жұмыс істеп жүр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 19,8% аз. Қазақстанда жұмыс істеп жүргендердің көбі Қытай азаматтары – 4,1 адам. Бұл былтырғыдан 20,8% пайыз артық. Одан кейін Үндістан (1,2 мың адам), Түркия (1,1 мың адам) және Өзбекстан (908 адам) азаматтары бар.
Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күші көбінесе құрылыс саласында жиі пайдаланылатынын айтылған.
«Елден 548 адам жұмыс іздеп кеткен. Бұл былтырғыдан 25,6% аз. Жұмыс іздеп сыртқа кетушілер көбінесе Астанадан (256 адам), Шығыс Қазақстан (58 адам) және Абай облыстарынан (42 адам) шығады», - делінген сараптамада.