Respublica партиясының филиалдары ҚР барлық аймағында ресми тіркелді

6058
Adyrna.kz Telegram

Respublica саяси партиясы барлық 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада филиалдары мен өкілдіктерін тіркеудің барлық қажетті рәсімдерін аяқтады.

Бұрын атап өтілгендей, Қазақстандағы барлық саяси партиялар мемлекеттік тіркелген күннен бастап 12 ай ішінде өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерді) тіркеуі тиіс.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров ендігі кезекте облыстық штабтар ашылатынын айтты.

«Қазір бізге еліміздің түкпір-түкпірінен отандастармыз Respublica партиясының құрамына қосылғысы келетіні туралы жүздеген хабарламалар жолдап жатыр. Біз адамдардың осындай қызығушылық танытқанына өте қуаныштымыз! Келесі кезекте облыстық штабтар ашылады. Ол мекемелерде тұрғындар кеңес алып, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтып, штаб өкілдерімен әңгімелесіп, ең бастысы партия қатарына қосыла алады. Біз әлеуметтік желілерде барлық штабтардың байланыс нөмірлері мен мекенжайларын жариялайтын боламыз. Штаб жұмысының алғашқы күндерінен бастап партиямызға мүше болғысы келетіндердің барлығын шақыра аламыз деп сенеміз», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, Respublica партиясы алдағы кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің де, мәслихаттардың да депутаттарының сайлауына қатысады. Қазіргі уақытта партияның штабы сайлауалды бағдарламасын таныстыруға және сайлауалды науқанды жүзеге асыруға дайындық үстінде.

Партияның басты мақсаттарының бірі – биліктің ашықтығына қол жеткізу, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, азаматтардың саясатқа ықпал ету тетіктері мен мүмкіндіктерін ұсыну.

Пікірлер