“Қомақты қаржы жымқырған”: А. Мұхамедиұлының ісіне қатысты тың деректер шықты

3937
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және өзге адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Олар Арыстан Мұхамедиұлының қызметіне қатысты тың деректерді ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Алмас Нұразхан ұсталды.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл іске қатысты толыққанды тергеу жүріп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер