Серік Елікбай. Қазақтар кімдерді өлтірді

2573
Adyrna.kz Telegram

Құдай өлтіргенге дейін, адамды адам өлтіріп жіберуі мүмкін...

                                                                                                        Проф. S.

Иә, солай. Абыл мен Қабыл соның айғағы. Әлсізді әлді жемек. Алдап,  қорқытып, үркітіп, атып, асып бір ұлтты бір ұлт жояды. Өмірдің өксікті заңы осы. Біздің билік татулық керек деп бүкіл әлемге жар салса да, жыласа да... Каддафиді өлтіріп жіберді. Саддамды да. Бен Ладенді де. Ж.Дудаевті т.б. көп, көп өте көп. Көз алдымызда экранның ернеуінің ар жағында. Ливиядағы зәңгілер Еуропа айтқандай «жалдамалылар » емес болатын. Олар Каддафи режимінде қалғандармен иығы теңескен. Иә, зәңгілер өз бостандығын, еркіндігін қарумен қорғады. Қан қасапта өздерін көп қинамай, атып өлтірулерін сұраған. Естанды Каддафи секілді. Иә, иә Сіз бен Біз адамгершілік ақ туын көтерген делінер заманда. Арғы түркі Ахмениттерді сақтың ұлы Аршақ жойды. Мин империясы Нұрқожа бастаған мәнжулерге бас иді. Қытайдан жеңілген Жоғариядағы жаудың соңы ойраттар ғана қалды. Үндістердің /тэва/ ұлысы, /туваға ұқсас/ шағын тайпаға айналды. Америкалықтар мен Англия арасында үндістің соңғы үміті ирокездер тозаң болып шашылып кетті. Ағылшындар «тасмандықтарды» аулады. Бурлар зәңгілерді өлтірсе, зәңгілер бушмендерді құртты. Аргентиналықтар потогондықтарды жойды, оқпен, шешек ауыруымен. Бұрын екі ұлт қатар өмір сүре беретін. Мысалы, бантулар- ұсталар, пигмейлер- аңшылар. Бірінде жоқты бірі береді. Эллиндер ішінде беотиліктер шаруалар, этоликтер қарақшылар, иониліктер саудагерлер, спартандықтар сарбаздар т.б. Тіпті Шыңғысхан кезінде де Наймандықтар ғалымдар, қытайлықтар егіншілер, ұйғырлар саудагерлер, Керейлер, монғолдардай жауынгер. Қала берді Қазақ мемлекеті құрылғанда да, төрелер билік басында болса, қожалар діни-рухани жағына ие десек, бір жүз малға, бір жүз дауға, бір жүз жауға қойылған. Бұл Даланың қатал заңы болатын.

Бүгін бәрі басқаша. Танымдық толғау, еңбек бөлінісі жоқ. Бәрі бәрін істей алады. Америкалық Б.Гейтстар, Джобстар дәлел. Бірақ бұл майдан жойылды деген сөз емес. Енді ақыл майданы, ақпараттық майдан басталды. Қару орнына интернет, телеарналар, жаңа технология құрық алды. Қ.Байбосыновты білмейтін қазақ баласы Бионсиді беске білетініне қол қоямын. Жаңа қазақ билігі бар алапта, кез келген плацдармда, түгел позицияда жеңіліп шықты. Біз ұлт рухын көтере алмадық. «Могиканның соңғы тұяғы», Асылдың асқары, Аттилланың ізі Оспан батыр қазақта, тек бізде болатын. КСРО, Қытай, Монғолия, секілді алып елдер ішінде/ түйелер арасында/ Алаш намысын көтерген жанға, өкінішке орай шолақ көше бере алмадық. 20 жыл ішінде қазақ мемлекеті ішінде қандықол Ресейді ақпарат соғысында тас-талқан жасаған Ишкерия ұлы Мовлоди Удуговтай жалғыз жан шығара алмадық. Шөкелеп жатқан қазақ билігі Солженицынге, Жириновскийге, Говорухинге қарсы қарыс ауыз сөз айта алмады. Бүгінгі билік жеп қалумен, алып қалумен әуре. Ұлт намысын ұзаққа ұмытқан... Біз өлдік. Бізбен бірге сайын далада тәуелсіздікке ұмтылған бауырларды жұтар галлактикалық оппаға айналдық. Айыпсызын да, қайықсызын да жұтудамыз. Осылардың ішінде көз жасы көл қырым татарлары еді.Татар ішіндегі бұл ел бізге өте жақын. Қырым татарларының негізін салушылар Ертіс бойынан келген қыпшақтар болатын. Сондықтан да бұл жерлер Дешт – и – Қыпшақ деп аталды. Қырым мемлекетінің басқарушылары Керей өкілдері болатын. Бұл ру Герай, Герей деп аталды. Халдың басы Қажы I Герей болды. Осы кез Қырым татарларының Алтын ғасыры болатын. Ақындарының сірге жияры- Ашық Өмір. Белгілілері Мақмұт Қырымлы, Ғазы 2 Герей Бора, сұлу сәулет үлгісі хан сарайы Бақшасарай болатын. 1571 жылы Дәулет 1 Герай хан Мәскеуді жаулап алып, зұлымдық ошағы Кремльді бүтіндей өртеп жіберді. Қырым хандығы құрамында ноғай ордасы, Мурав шляхтасы болды. Ресейге қарсы қалқан есебінде бүгінгі казактар тобын аталмыш хандар тудырды. Өз кезегінде казактар Қырым хандығын Ресейден, Речь Поспалитадан қорғап тұрды. 1736 жылы фельдмаршал Христофер Миних бастаған орыс әскері қыпшақ сәулет өнерінің биік шыңы Бақшасарайды жойып жіберді. Бұл кезеңді Қырым татарлары «қара ғасыр» деп атайды. Яғни біздің ақтабан шұбырынды сияқты жазылмас дертіміздің авторы Ресей екені енді айқын көзге ұрады. Қырым татарларының біраз бөлігі Осман империясына кетіп, қалған жұқанасы тек Болғария мен Ұрымынияда /Румынияда/ ғана сақталып қалды. Қырымның өзіндегі қыпшақ- татарлар 19 ғасырдың соңында 200000 болып, кейін күштеп жойылды. Қырым татарларының рухани оянуына себеп болған Исмаил Ғаспаралы еді. Оның «Тәржімән» газетасы , қазақ-татар-башқұрт -өзбек ұлтының ренессансына ұласты. 1917 жылы 17 науызда Симферополь атқару комитеті қырым татарлары өкіметінің өкілеттігіне рұқсат бермеді. 25 наурызда Құрылтай шақырылып, уақытша өкімет жасақталды. Басшысы Ч.Челебиев болды. Құрылтай төрағасы Номан Челебиджихан тарихта «Қырым-қырымдықтар үшін» деген ұранымен қалды. Оны большевиктер 1918жылы атып тастады. Ақ пен қызыл кезек қырып қырым татарларының 15% -ы оққа ұшты. (Жалғасы бар)

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер