“Нағыз сатқын!” - Кремльді қолдаған қазақ депутаты Ресей арнасына шығып, эфирде шағымданды

7959
Adyrna.kz Telegram

Ресей билігінің саясатын ашық қолдайтынын айтқан “Ақ жол” партиясының бұрынғы депутаты Азамат Әбілдаев Ресей билігінің шашбауын көтерген “Соловьев Live” арнасының тікелей эфирінде қазақ билігін сөз етіп, ботадай боздады. Қазаққа өкпесі қара қазандай азаматтың айтуынша партияны ұлтшылар басып алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Бір ұрты - май, бір ұрты - қан” болған бұрынғы депутатқа қазақтың қазақты сүюі жақпай қалған сияқты. Қызметтен кетіп, қаржыдан қағылғаны үшін қазақ ұстанымына шағым айтып, депутат Ресей арнасында “ботадай боздады”.

Бұл жайлы “Maitanov_online” телеграм арнасында жазылды. Автор бұл жайтқа қатысты:

Көріп отырғанымыздай бұл сатқын тәубесіне келмеген. Өзін Қазақ еліндегі орысқа қарсы жүргізіліп жатқан жалаң құбылыстың құрбан ретінде көрсетіп, саяси сайқалдыққа бастап отыр. Күні ертең сатқынның “Путин, әскеріңді мұнда әкел” деп айғайлайтынына күмәнім жоқ, - деп жазды автор.

Азамат Әбілдаевтың бұл қылығына қатысты ғалым Гүлшат Бақытжан да төмендегідей пікір білдірді:

- Отбасы болған соң шыны-аяқ шылдырламай тұрмайды ғой. Баяғыда, алғашқы жылдары мамама жылай беретінмін әр ұсақ-түйекке. Үшінші реттен соң ұяла бастадым өзімнің туған мамамнан. Ақымақ балалықтан кетіп, өзімді шын, жеке отбасым бар ересек адам ретінде сезінген шығармын.

Бірақ, кейбір "ер адамдар" болады екен, тіпті олар білдей бір тәуелсіз мемлекеттің заң шығарушы органында отырса да, өздерінде, осыдан 15 жыл бұрынғы мен құрлы ми жоқ па деп қалдым... Шын айтам, - деп жазды ғалым.

Еске түсіре отырайық, бұрынғы депутат Ресей билігінің қантөгіске толы ұрыс саясатын “арнайы операция” деп бағалап, басы дауға қалған еді. Оның қазақшыл емес, орысшыл мүддесіне қатысты этикалық кеңес ұйымдастырылып, соңында Азамат Әбілдаев партия қатарынан шығарылған еді.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер