Саясаттың түрін қараңыз: Трамп-Зеленский кездесіп жатқан сәтте Путин таң атпай Трампқа звондайды да, "Ойбай украин дрондары маған шабуыл жасады, енді қайттім? Айт анаған, мұнысын тоқтатсын" - дейді.
Ұйқыдан жаңа тұрған Трамп қапелімде шошып кетеді. "Не дейді қасқа? Не болып қалды соншама?" - дейді. Артынша Лавров тв-дан сөйлеп: "SoS! Біздің президентімізге шабуыл жасап жатыр, ойбай" - дейді. Тоғызда жұмысқа келген Трамп ОББ өзіне шақырып: "Сондай болып қалыпты, дұрыстап тексеріңдер" - деп тапсырма береді де ойланып қалады.
"Әй мынауың өзі дұрыс адам ба? Мені құлағымнан атқанда да ешкімге арызданған жоқпын ғой? Артынан тағы біреу тағы да жалпамнан түсіре жаздады, сонда да үндемедім емес пе? Мынау таң атпай маған телефон соққаны несі? Оның несін айтады маған? Мынауың нағыз сужүрек қорқақтың өзі екен ғой, абырой таптырмас, аулақ жүрейін" - деп ойлайды Трекең))).
Артынан ОББ (ЦРУ) тексеріп: "Бәрі дәмбосын, өтірік әңгіме. Путиннің өзі ғой көлеңкесінен қорқып жүрген. Немесе әдейі жасаған" - деп Трампқа есеп береді.
Енді Трамптың бүгінгі мәлімдемесін қараңыз: "Ешқандай да Путиннің резиденциясына шабуыл жасалмаған. Бізге өтірік айтыпты. Ия, сол маңда бірдеңе жарылған, бірақ оның резиденцияға еш қатысы жоқ" - депті Трамп.
Ай, масқара-ай, енді біздің Орталық Азиялық төрт президент қайтер екен? Теп-тегіс жерден Украинаның сынына ұшырап қалды, Путинге жалбақтаймын деп үлкен ұят жасады. Бұл - дипломатиядағы масқарашылық, үлкен кемшілік. Енді қайтер екен? Ұялмай-қызармай, дым болмағандай жүре берер ме екен?
Айтпақшы, Трампқа сол жерде бір тілші сұрақ қойыпты: "Сіз Путинге сенемін деп едіңіз ғой?" - деп. Оған Трамп: "Ия, ол кезде не болғаны белгісіз болып тұрды ғой" - деп құтылыпты. Сөзден ұстатпайтын нағыз сужұқпас қой Трамп. Дым да болмағанын сол кезде-ақ біліп отырды ғой ол. Путинмен екеуінің Келіссөзді болдырмау операциясы екендігі бірден белгілі еді ғой, оны айдаладағы біздер де біліп отырмыз.