“Home Credit Bank” АҚ биыл шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосады

3507
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда “Home Credit Bank” АҚ шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосуды жоспарлап отыр. Онда кәсіпкерлер барлық операцияны цифрлық түрде жүзеге асыра алады.

«Қазақстанда “Home Credit Bank” АҚ 18 жыл бойы тұрақты және табысты банк құрды. Бүгінгі таңда біз 1,5 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеміз және тұтынушылық несиелеу бойынша көшбасшылардың біріміз. Осы тәжірибенің көмегімен біз шағын және орта бизнес секторына да сату көлемін арттыруға көмектесе аламыз. Өйткені, бөлшек сауда сегменті республикадағы барлық заңды тұлғалардың 50%-дан астамын құрайды. ШОБ үшін толық цифрлық банк құру  “Home Credit Bank” АҚ-ның дамуының жаңа кезеңі болады және бизнесімізді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда банктер классикалық және цифрлық шешімдерді ұсына отырып, ШОБ клиенттері үшін белсенді бәсекелестікке түсуде. Дегенмен, біз нарықтағы ұсынысты жеткіліксіз деп санаймыз», - деді “Home Credit Bank” АҚ басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Цифрлық банк ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар, салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің барлық түрлері, валютаны айырбастау, несиелендіру және бөліп төлеу бағдарламалары, олардың шоттары мен өнімдеріне қол жеткізу және басқару сияқты кәсіпкерлердің күнделікті жұмыстарына қажетті өнімдерді ұсынады. 

Айта кетерлігі, бұл операциялардың барлығын кәсіпкерлер филиалдарға бармай-ақ мобильді қосымша арқылы жүзеге асыратын болады. Қолданба UI / UX дизайнына жаңа көзқараспен жасалады. Бұл біздің кәсіпкерлердің таныс үлгілерін сақтай отырып, оларға барлық операцияларды тез және оңай аяқтауға мүмкіндік береді. Процестер мен өнімдердегі барлық өзгерістер тек кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне негізделетін болады. ШОБ үшін цифрлық банкті іске қосу 2023 жылдың үшінші тоқсанында жоспарланған.

«Бизнесменнің қажеттіліктерін бағалай отырып, біз оған ыңғайлы және дұрыс шешімдер ұсына аламыз. Біздің ШОБ үшін мобильді қосымшамыз жеке тұлғаларға арналған ең жақсы қызметтер ұсынады. Айқын интерфейс және сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес экрандарды «баптау» мүмкіндігі өнімнің ерекше белгілерінің бірі болады. Ыңғайлылық пен функционалдылықты бір қосымшаға біріктіру арқылы цифрлық банк кәсіпкерге барлық транзакцияларын оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, Alfa Bank-те қысқа уақыт ішінде командамыз шағын және орта бизнес үшін ыңғайлы цифрлық банкті құра алды және нарықтың көшбасшысы бола алды. Сондай-ақ, бірінші мобильді қосымша, цифрлық бортинг, онлайн-шот сияқты қызметтерді іске қосу арқылы оның трендсеттеріне айналды. “Home Credit Bank” АҚ-да  біз өз тәжірибемізді пайдаланып, нарықты инновациялық өнімдермен тағы да таң қалдыруды жоспарлап отырмыз», - деді Home Credit Bank” АҚ-дағы ШОБ блогының жетекшісі Дамир Какиев. 

Алдағы үш жылда ол Home Credit Bank” АҚ-ның бизнеске арналған цифрлық банкінің алдына үлкен мақсат қойып отыр. Ол - өз сегментінде Қазақстандағы үздік үштіктің бірі болу.

Алдағы екі жылда цифрлық банкті дамытуға инвестиция шамамен 20 миллион долларды құрайды деп күтілуде. Жаңа жобаның арқасында 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Еуропалық меншік иелерінің өкілі болып табылатын Home Credit Bank” АҚ-ның акционерлері бүгінгі таңда ең қарқынды дамып келе жатқан Қазақстандағы ШОБ сегментін дамытудың үлкен болашағын көріп отыр. 80%-дан асатын қолма-қол ақшасыз айналымның өсуі, сондай-ақ Қазақстанда GovTech-тің дамуы аясында банктер өз шешімдерін әртүрлі мемлекеттік деректер базаларымен біріктіріп, клиенттерге транзакциялардың басым бөлігін онлайн режимінде ұсына алады.

«Қазақстанда цифрлық қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалды: соңғы бірнеше жылда республика бұл бағытта белсенді өсім көрсетті және цифрландыру бойынша 30 озық елдің қатарына енді», - деп қосты Дамир Кәкиев.

Цифрлық банкті құру қосымша филиалдар ашпай-ақ, клиенттік базаны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте кәсіпкерлердің өздері қаржы институттарынан цифрлық шешімдерді күтуде.

Жобаны іске қосу қарсаңында жүргізілген зерттеу кәсіпкерлер тарапынан жоғары сапалы цифрлық қызметтерге сұраныс айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.

Белгілі банкир және қаржыгер Дамир Кәкиев Home Credit Bank” Қазақстанға бизнестің жаңа түрін енгізуге шақырылды. Оның жетекшілігімен команда Альфа Банкте ШОБ жобасын сәтті жүзеге асырды. 5 жылдан аз уақыт ішінде бұл банк классикалық корпоративтік қаржы институтынан шағын және орта бизнес пен бөлшек клиенттерге арналған цифрлық банкке айналды. The Banker, AsiaMoney, World Business Outlook Awards халықаралық басылымдары Альфа Банкті бірнеше рет Қазақстан Республикасындағы ШОБ үшін ең үздік банк деп таныды және оның іскерлік қосымшасы Markswebb және SME Banking мәліметтері бойынша ЕДБ арасында №1 деп танылды. Сондай-ақ банк ШОБ сегментіндегі белсенді клиенттік база бойынша алғашқы үштікке енді.

Дамир Кәкиев – 15 жылдық тәжірибесі бар банкир, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қаржыгері. Сбербанк және Альфа Банкте басшы қызметтерде жұмыс істеді. Өзбекстан мен Тәжікстан банктерінде директорлар кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ШОБ-ті дамыту комитетінің мүшесі, кәсіпкер және IT және консалтингтік компаниялардың негізін қалаушы.

Пікірлер